Оңтүстік Қазақстан облыстық сейсмологиялық станция қызметкерлерінің хабарлауынша, жер сілкінісінің қуаты 2 баллға жеткен. Жер сілкінісінің ошағы шамамен Шымкенттен 380 шақырымда, Өзбекстан және Тәжікстан шекарасында тіркелді. Нақты мәліметтер Орталық Азия аймағындағы басқа да сейсмологиялық станциялардан алынған ақпараттардан кейін белгілі болады.