Жұмысшылар журналистерге екі айдан бері жалақыларын ала алмай отырғанын хабарлап мұңдарын шақты. Кәсіпорын басшылығы жалақыны уақытылы төлемеу себептерін түсіндірмей отыр. Ал жуырда мекеме алдына жұмысшылардың төлемсіз демалысқа жіберілгені туралы жария ілінді.
Оңтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік бас еңбек инспекторы Елубай Махатовтың айтуынша, бұл кәсіпорынның үстінен көптеген шағымдар келіп түсті. Осыған байланысты облыстық еңбек және әлеуметтік қорғау департаменті қалыптасқан ахуалды тексеруге кіріседі. Жағдайды қиындатып отырған тағы бір фактор — жұмысшылардың қолында жеке еңбек шартының жоқтығы болмақ.