Шымкентте "құтыру" диагнозымен ауруханаға жатқызылған ер адам қайтыс болды
Астана. 7 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Шымкентте "құтыру" диагнозымен ауруханаға жатқызылған ер адам қайтыс болды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. |
ТЖМ ақпаратына сәйкес, 6 қазанда сағат 03.05-те Оңтүстік Қазақстан облыстық Мемлекеттік санитарлық-эпидемилогиялық қадағалау департаментінен 29 қыркүйекте қалалық ауруханаға Шымкенттің "Азат" ықшамауданындағы Спатаев көшесінде тұратын 21 жастағы жігіттің жатқызылғаны туралы ақпарат келген.
Облыстық дәрігерлер консилиумы 1 қазанда "құтыру" деген диагноз қойды. Қарқынды емдеуге қарамастан, науқас 6 қазанда сағат 03.05-те қайтыс болған.
Эпидемиологиялық тексеру барысында ауру ошағында онымен қарым-қатынаста болған 7 адам анықталып, байқауға алынды. Эпидемияға қарсы шаралар қолданылуда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін