Шымкентте "құтыру" диагнозымен ауруханаға жатқызылған ер адам қайтыс болды - «Kazakhstan Today» агенттігі» ЖШС
  • $ 448.56
  • 478.03
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте "құтыру" диагнозымен ауруханаға жатқызылған ер адам қайтыс болды

Шымкентте "құтыру" диагнозымен ауруханаға жатқызылған ер адам қайтыс болды

Астана. 7 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Шымкентте "құтыру" диагнозымен ауруханаға жатқызылған ер адам қайтыс болды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 7 Қазан 2008
  • 442
Фото - Caravan.kz

ТЖМ ақпаратына сәйкес, 6 қазанда сағат 03.05-те Оңтүстік Қазақстан облыстық Мемлекеттік санитарлық-эпидемилогиялық қадағалау департаментінен 29 қыркүйекте қалалық ауруханаға Шымкенттің «Азат» ықшамауданындағы Спатаев көшесінде тұратын 21 жастағы жігіттің жатқызылғаны туралы ақпарат келген.

Облыстық дәрігерлер консилиумы 1 қазанда «құтыру» деген диагноз қойды. Қарқынды емдеуге қарамастан, науқас 6 қазанда сағат 03.05-те қайтыс болған.

Эпидемиологиялық тексеру барысында ауру ошағында онымен қарым-қатынаста болған 7 адам анықталып, байқауға алынды. Эпидемияға қарсы шаралар қолданылуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар