ТЖМ ақпаратына сәйкес, 6 қазанда сағат 03.05-те Оңтүстік Қазақстан облыстық Мемлекеттік санитарлық-эпидемилогиялық қадағалау департаментінен 29 қыркүйекте қалалық ауруханаға Шымкенттің «Азат» ықшамауданындағы Спатаев көшесінде тұратын 21 жастағы жігіттің жатқызылғаны туралы ақпарат келген.
Облыстық дәрігерлер консилиумы 1 қазанда «құтыру» деген диагноз қойды. Қарқынды емдеуге қарамастан, науқас 6 қазанда сағат 03.05-те қайтыс болған.
Эпидемиологиялық тексеру барысында ауру ошағында онымен қарым-қатынаста болған 7 адам анықталып, байқауға алынды. Эпидемияға қарсы шаралар қолданылуда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті