Caravan Logo

Шымкентте "құтыру" диагнозымен ауруханаға жатқызылған ер адам қайтыс болды

Шымкентте "құтыру" диагнозымен ауруханаға жатқызылған ер адам қайтыс болды

ТЖМ ақпаратына сәйкес, 6 қазанда сағат 03.05-те Оңтүстік Қазақстан облыстық Мемлекеттік санитарлық-эпидемилогиялық қадағалау департаментінен 29 қыркүйекте қалалық ауруханаға Шымкенттің "Азат" ықшамауданындағы Спатаев көшесінде тұратын 21 жастағы жігіттің жатқызылғаны туралы ақпарат келген.

Облыстық дәрігерлер консилиумы 1 қазанда "құтыру" деген диагноз қойды. Қарқынды емдеуге қарамастан, науқас 6 қазанда сағат 03.05-те қайтыс болған.

Эпидемиологиялық тексеру барысында ауру ошағында онымен қарым-қатынаста болған 7 адам анықталып, байқауға алынды. Эпидемияға қарсы шаралар қолданылуда.