Шымкентте қызметкерлерін сабап тастаған кәсіпкерге қатысты сот басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 510.58
  • 571.8
+31 °C
Алматы
2025 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте қызметкерлерін сабап тастаған  кәсіпкерге қатысты сот басталды

Шымкентте қызметкерлерін сабап тастаған кәсіпкерге қатысты сот басталды

Шымкентте қарамағындағы жұмысшыларды соққыға жығып, ақша бопсалаған кәсіпкер мен оның көмекшісіне қатысты сот басталды. Киім сататын «Дефиле» дүкендер желісінің қожайыны Бақытбек Нұрманов пен оның көмекшісін 5 бірдей қызметкерді тепкілеп, тіпті зорламақ болды деп айыптаған болатын.

  • 23 Қыркүйек 2015
  • 255
Фото - Caravan.kz

Түрлерін көрсетпеуді сұраған бұл екеуі тағылған айыптармен келіскен жоқ. Тергеу барысына кәсіпкер жездесінен таяқ жеген Тахир Тахтақожаев та разы емес екен. Сондықтан қайтадан жіті тексерілсін деп талап етіп отыр. Шымкенттік кәсіпкерге қатысты шу мамырда басталған. «Дефиле» дүкенінің әрі қызметкері, әрі иесінің туысы Тахир Тақтақожаев бастығынан 5 күн бойы таяқ жегенін айтып, тіпті зорламақ болды деп айыптаған. Жалпы, басшыдан таяқ жедік деген жұмысшылардың саны 5 адам.