Түрлерін көрсетпеуді сұраған бұл екеуі тағылған айыптармен келіскен жоқ. Тергеу барысына кәсіпкер жездесінен таяқ жеген Тахир Тахтақожаев та разы емес екен. Сондықтан қайтадан жіті тексерілсін деп талап етіп отыр. Шымкенттік кәсіпкерге қатысты шу мамырда басталған. «Дефиле» дүкенінің әрі қызметкері, әрі иесінің туысы Тахир Тақтақожаев бастығынан 5 күн бойы таяқ жегенін айтып, тіпті зорламақ болды деп айыптаған. Жалпы, басшыдан таяқ жедік деген жұмысшылардың саны 5 адам.
Loading...