Шымкентте қызметтік қаруын жоғалтып алған сержант түрмеге жабылуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте қызметтік қаруын жоғалтып алған сержант түрмеге жабылуы мүмкін

Шымкентте қызметтік қаруын жоғалтып алған сержант түрмеге жабылуы мүмкін

Шымкентте жол-патрульдік полициясының сержанты оқтаулы тұрған қызметтік қаруын жоғалтып алған. Енді қолды болған Калашников автоматын оңтүстіктің бүкіл тәртіп сақшылары аяғынан тік тұрып іздеп жатыр.

  • 27 Қыркүйек 2014
  • 236
Фото - Caravan.kz

Жол-патрульдік полициясының сержанты әріптестерімен бірге қаладағы дәмханалардың біріне түстенуге тоқтаған. Қызметтік емес, жеке джипімен келіп, қаруын көлікке тастап, ішке кіріпті. Кейін түстеніп шыққанда оқшантайында 30 оғы бар «Калашниковтың» орнын сипап қалған. Екі жыл полиция сапында кызмет етіп, қаруына ие бола алмаған сержантқа қазір қылмыстық іс қозғалып, ол қызметінен шеттетілді.


Ермек Әйтімов, Абай ауданы прокурорының орынбасары:

-Қазіргі таңда инспекторлық полицияға қылмыстық істің 316-бабы бойынша, салақтық деген дерекпен. Тағы біреуіне қару ұрлау дерегі бойынша қозғалды. Бұл айып бойынша бір жылға бостандығы шектеліп, не түзету жұмыстарына жегіледі.