Шымкентте салық инспекторымын деп жұртты алдап жүрген алаяқ ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте  салық инспекторымын деп жұртты алдап жүрген алаяқ ұсталды

Шымкентте салық инспекторымын деп жұртты алдап жүрген алаяқ ұсталды

Шымкенттік полиция қызметкерлері қалалық салық комитетінің қызметкерімін деп жұрттан заңсыз ақша алып жүрген қала тұрғыны ұсталды. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІББ-ның баспасөз қызметінен KZ-today тілшісіне хабарлады.

  • 24 Желтоқсан 2003
  • 401
Фото - Caravan.kz

Полицияның мәліметіне жүгінсек, 19-желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІББ-ның 9-басқармасына жеке меншік гаражында автокөлік жөндеумен айналысатын 31 жастағы Шымкент тұрғыны шағым түсірген. Оның айтуынша, өзін салық комитетінің қызметкерімін деп таныстырған біреу одан кәсіпкерлікпен заңсыз айналысқаны үшін жүктелетін айыппұлдың орнына 3 мың теңге талап еткен.

Алаяқты ұстау үшін полицейлер арнайы шара ұйымдастырып, шағым иесіне пара ретінде беру үшін белгі салынған купюралар беріп жіберіледі.
Алайда, жедел топ Шымкент салық комитетінің ғимаратына жіберілмегендіктен, полицейлер ақшаның берілген сәтін түсіре алмады. Соңынан полиция қызметкерлері комитетттің жұмыс бөлмелерінің бірінен 20 жастағы жұмыссыз жігітті ұстады. Бірақ оның қолынан белгі салынған ақша табылмағанымен, белгі салу үшін банкнотқа жағылған ұнтақтың іздері табылды. Қазір аталмыш дерек бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде.
Қалалық салық комитеті төрағасының орынбасары Нұртай Бейсенбаев KZ-today тілшісімен телефон арқылы әңгімеде комитет ғимаратында адам ұсталғаны туралы мәліметтен бейхабар екенін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар