Жарияланды: 240

Шымкентте салықшы 10,6 жылға бас бостандығынан айрылды

ОҚО бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаментінің баспасөз қызметінен хабарланғандай, Шымкент қаласындағы Абай ауданы салық басқармасының бас маманы 2012 жылдың тамыз айында пара алу кезінде ұсталды.

35 мың доллар үшін салық басқармасының маманы бизнесменге кәсіпкерлік қызметінің салық тексеріс мәселесін оңтайлы шешуге уәде еткен. Әйелге ҚР ҚК-нің 311 бабы (Пара алу) бойынша айып тағылды. Сот оны кінәлі деп тапты. Ол жазасын жалпы режимдегі түзеу мекемесінде өтейтін болады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін