Өрт 30 мамыр күні кешкілік 20.30-да басталған.
“Өрт сөндіруші мамандардың жедел шарасының арқасында өрт 21.42-де сөндірілді. Өрт жалпы 2700 шаршы метр аумақты қамтып, 210 сауда үйінің кеңсесі өртенген. Өртті сөндіруге жеке құрамның 42 адамы, өрт сөндіру қызметінің 9 техникасы, 6 су тасушы көлік жұмылдырылған. Зардап шеккендер жоқ”, – деп жазылған хабарламада.
Оқиға орынына қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов пен ОҚО әкімінің орынбасары Жақын Бөкенбаев келді. Олар сауда үйін қайта қалпына келтіру мәселесін талқылады. Өрттің неден шыққан себебі анықталу үстінде.