Шымкентте шетелдік студент өлі табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 518.31
  • 567.96
+12 °C
Алматы
2025 Жыл
8 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте шетелдік студент өлі табылды

Шымкентте шетелдік студент өлі табылды

Шымкентте Үндістаннан келген студент түсініксіз жағдайда көз жұмды

  • 4 Сәуiр
  • 5
Фото:depositphotos.com

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ол медициналық академияда оқыған.

«Ер адамның өлімі дерегі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ. Алдын ала мәлімет бойынша, өлім себебі – жүректің тоқтауы», – деп мәлімдеді Шымкент ПД.

Жігіттің денесі өзі тұратын пәтерден табылған.

Полиция департаментінің мәліметінше, өлім себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалған.

«Оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр», – деп қосты ведомство.