Жарияланды: 590

Шымкентте шошқалар бір әйелді жеп қойды

Шымкентте шошқалар 72 жастағы зейнеткер кейуананы жеп қойды. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІББ-ның баспасөз қызметінен KZ-today тілшісіне хабарлады.

Жеке меншік үйде жалғыз тұрған кейуана шаруашылығында 20 доңыз ұстаған. Жексенбі күні торайларды базарға шығаруға шешім қабылдаған әйел өзінен бөлек тұратын ұлын көмекке шақырған. Таңертең анасының үйіне келген жігіт оны үйден де, аула ішінен де таба алмайды. Соңыра қора ішінен әйел денесінің бөлшектері - қол-аяғы мен шашы жоқ бас сүйегі табылды. Көршілерінің айтуынша, әйел қан қысымы дертінен зардап шеккен. Алдын-ала жорамал бойынша, әйелдің әлі құрып құлап қалған болуы мүмкін. Ендігі жерде сот-медициналық сараптама хайуандар жей бастаған кезде әйелдің жаны бойында болды ма, жоқ па дегенді анықтауы тиіс.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін