Шымкентте «Шымкент-Керамик» ЖШС бас директорын ұрлап кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте «Шымкент-Керамик» ЖШС бас директорын ұрлап кетті

Шымкентте «Шымкент-Керамик» ЖШС бас директорын ұрлап кетті

Шымкентте белгісіз біреулер «Шымкент-Керамик» ЖШС бас директоры Радион Адиатулинді ұрлап кетті.

  • 21 Маусым 2011
  • 564
Фото - Caravan.kz

«Бүгін таңертең төрт адам келіп, өздерін әл — Фараби аудандық ІІБ қызметкерлеріміз деп таныстырып, көрсетулер алу үшін-мыс деген желеумен оның қолына кісен салып алып кетті», — деді ҚазТАГ-қа Р. Адиатулиннің әйелі сейсенбі күні.

«Жеті жарымда азаматтық киімдегі төрт азамат келіп, өздерін «Энергопоток» компаниясының қызметкерлеріміз деп таныстырып, пәтерге қоңырау шалды. Біз есікті ашпаған соң, олар кетіп қалғандай сыңай танытты. Одан соң көршінің үйден шыққанын пайдаланып, олар үйге басып кірді, полиция куәліктерін көрсетіп, Радионды ешқайда қоңырау шалуға мүмкіндік бермей алып кетті», — деді ол.

Бас директордың әйелі оқиға туралы әл-Фараби АІІБ-ге хабарлап, өтініш жазды.

Дереккөздер бұл оқиғаны Р. Адиатулиннің коммерциялық қызметімен байланыстырады.

Соңғы жаңалықтар