Бұл туралы Rgmedia.kz тілшісі хабарлады.
«Оңтүстік Қазақстан облысы жаңа жылға жаңа табыстармен келіп отыр. Күні кеше ғана ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойын жоғары деңгейде атап өттік.Ширек ғасырлық жемісті жұмыстарға оңтүстікқазақстан халқының да қосып отырған үлесі орасан», — деді облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлы. Қала тұрғындары енді жаңа жылды қарсы алуға қамданып-ақ кетті. Әл-Фараби алаңында өткен іс-шараға 400-ге жуық өнерпаз қатысып, арнайы шеру ұйымдастырды. 200-ге тарта Аяз ата мен қарша қыз ертегі кейіпкерлерінен көрініс қойды. Мерекелік шара соңы отшашуларға ұласты. Қала әкімдігі тарапынан Жаңа жылдық көріктендіру жұмыстары кезінде шаһардың 3 нүктесінде Жаңа жылдық шырша шамы жағылды. Олар жеке-жеке Әл-Фараби алаңында, Шәмші аллеясы мен облыстық әкімшілік-іскерлік орталығында орналасқан.
Бір айта кетерлігі, шырша мен қаланы безендіруге биыл қазынадан қаржы бөлінбепті. Қала әкімі ол қаражатты жетім балалар мен әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға үлестіріп берді.