Жарияланды: 390

Шымкентте СҚО тұрғынын жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген жеңгетай қолға түсті

Оңтүстік Қазақстан ішкі істер департаментінің ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының жеделшілері жеңгетайлық жасады деп айыпталып отырған облыс тұрғынын ұстады.

Шымкенттегі пәтердердің бірінде жас әйелдің тұтқында болуы туралы полицейлерге жергілікті тұрғын хабарлады. Жедел-іздеу шараларын өткізу кезінде ОҚО ІІД ҰҚКБ қызметкерлері «Арлан» арнайы бөлімшесімен бірге Түлкібас ауданының 1982 жылғы тұрғынын ұстады. Тергеу нұсқасы бойынша, ол клиенттерге ақша үшін Солтүстік Қазақстан облысының тумасы болып табылатын 32 жастағы әйелді ұсынған. Айғақ дәлел ретінде күдікті азаматшадан 2 500 теңге көлеміндегі ақша алынды. Қазіргі уақытта сексуалдық пайдалану мақсатымен заңсыз қамау фактісі тексерілуде. Аталған фактімен ҚР ҚК-нің 271 бабымен қылмыстық іс қозғалды. Жыл басынан бері ОҚО ІІД ҰҚКБ-ның қызметкерлері осыған ұқсас 40-тан астам фактіні анықтады, бір бойжеткен сексуалдық тұтқыннан босатылды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін