Жалпы алғанда осындағы 17 жоғары оқу орнының 2 курсында оқитын 3635 студент аралық тестілеуге қатысқан. Тізім бойынша тестілеуге 3800 адам қатысуы тиіс еді, алайда , 150-дей студент түрлі дәлелді себептермен тестілеуге келген жоқ. Ал шараға қатысқан студенттерден 185 адамның бағасы шектеулі шамаға жетпей қалды. Бұл 5 процентті құрайды. А.Тайыровтың айтуынша, жаман көрсеткіш емес.
Тестілеу қорытындысы бойынша ең жоғары орташа балл жинаған Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясының студенттері. Олар 73-75 балл мөлшерінде нәтиже көрсетті. Ал экономика және статистика институтының Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы студенттерінің ең төменгі орташа балл көрсеткіші 48-50 балл болды.
Аралық тестілеуден өтпей қалған студенттер сабақтан шығарылмайды. Оларға тестілеу шарасынан күзде қайтадан өтуге мүмкіндік беріледі.