Шымкентте суденттерді грантқа ауыстырамын деген алаяқ ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте суденттерді грантқа  ауыстырамын деген алаяқ ұсталды

Шымкентте суденттерді грантқа ауыстырамын деген алаяқ ұсталды

Алаяқ жігіт ақылы білім алатын студенттерді грантқа ауыстырып беремін деп елді алдап, ақысына ақша алып отырған, деп хабарлайды Caravan.

  • 6 Желтоқсан 2017
  • 336
Фото - Caravan.kz

Алаяқ жігіт ақылы білім алатын студенттерді грантқа ауыстырып беремін деп елді алдап, ақысына ақша алып отырған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

Оның құрығына көптеген адам түскен. Қазірдің өзінде 40 шақты дерек анықталыпты. Бірқатар ата-ана заңгер Айгүл Орынбекке шағымданыпты. Ол бұл туралы өзінің фейсбуктегі парақшасында былай деп жазды:

"Грантқа түсіріп берем, атам М.Əуезов университетінде проректор",-деген алаяқ ұсталды! 40 студентті грантқа оқуға ауыстырып берем деп əр қайсынан нотариалдық келісім шарт арқылы 350-450 мың теңдей ақша алған. Бұл іс бойынша маған бір топ ата -ана шағым айтып хабарласты.
Мен ОҚО ІІД тергеу бөлімінің басшысы Полковник Жалғасов Нұрмахан мырзаға хабарлаған болатынмын.

Шымкент ҚІІБ Әл-Фараби ПБ-нің қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында 1996 жылы туған  Мақтарал ауданының тұрғынын ұстады. Тергеу барысында күдіктінің 40 алаяқтық жайтына қатысы бары анықталған. Күдікті ер азамат грантқа ауыстырып беруге көмек көрсететінін айтып, жәбірленушілерінен ақшаны алып, белгісіз бағытта жасырынып отырған. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын көлемі 14 миллион теңгені құрап отыр.


Қазіргі таңда, аталған жайттар бойынша «Алаяқтық» бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауда.
Полиция қызметкерлері 21 жастағы күдікті тарапынан алаяқтықтың құрбаны болған немесе куә болған азаматтарды Шымкент қаласы Әл-Фараби ПБ-не немесе «102» нөміріне хабарласуларыңызды сұрайды

Соңғы жаңалықтар