Шымкентте сұйық отын бағасын негізсіз көтерген кәсіпкерлерге айыппұл салынбақ - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте сұйық отын бағасын негізсіз көтерген кәсіпкерлерге айыппұл салынбақ

Шымкентте сұйық отын бағасын негізсіз көтерген кәсіпкерлерге айыппұл салынбақ

Шымкентте сұйық отын бағасын негізсіз көтерген жанармай бекеттері иелеріне айыппұл салынбақ. Олардың бензин тапшылығын қолдан жасап отырғандығы анықталып отыр. Кәсіпкерлер АИ-92 маркалы бензиннің тағы да қымбаттауын күтіп, әдейі сатпай отырған.

  • 29 Шiлде 2011
  • 495
Фото - Caravan.kz

Осыған байланысты әкімшілік іс қозғалды. Бұған қарамастан, күнгейде жанармай тапшылығы әлі де байқалады. Енді кәсіпкерлер мұны орақ науқанымен байланыстырып отыр. Ал құзырлы органдар жүргізген тексеріске сәйкес, ұсақ жанармай бекеттері жағдайды онсыз да ушықтырып жіберіпті. Мәселен, кейбір ірі жанармай бекеттерінде бензин қымбаттағанын көре салып, олар да бағаны көтеруді ұйғарған.


Қайыпбек Қамбаров, ОҚО жанар –жағармай бекеттері қауымдастығының президенті:

-Оларға әкімшілік іс қозғалды. Болды ондай, мойындауымыз керек ондайды, бекеттерде. Қазіргі таңда түсініктеме жүргізіліп жатыр.  

Соңғы жаңалықтар