Бойжеткен 11-нен 12 желтоқсанға қараған түні, ана мен бала 12 желтоқсанда күндіз табылған, деп жазады Sn.kz Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
«12 желтоқсанда түнгі сағат 00:54-те 103 желісінің кезекші дәрігерінен Братская көшесіндегі үйлердің бірінен жас әйел адамның мәйіті табылғанын, алдын ала болжам бойынша оның газдан уланғаны туралы хабар келіп түсті», — дейді Шымкенттің газ қызметіндегілер.
Оқиға орнына келген апаттың алдын алу және салдарымен күресу тобы қауіпсіздік техникасының мүлдем сақталмағанын анықтапты.
«Ас бөлмесінде қолдан жасалған жылыту қазандығы болған, оның мұржасы терезе арқылы далаға шығарылыпты. Құбырлардың жалғанға жерінде ақау бар, сырты оралмаған. Сондай-ақ, мұржасынан түтін сорылмайды. Жылыту пеші мүлдем мұржасыз жасалған. Ал, ас бөлмесінен жуыну бөлмесіне баратын есіктің төбесінде 10 сантиметрлік тесік бар. Ас бөлмесінде де, жуыну бөлмеінде де ашылатын терезе жоқ», — дейді апатты қызметтің мамандары.
Қайтыс болған Дильназ есімді қыз бірнеше күн бұрын 24 жасқа толған екен.
Сондай-ақ, 12 желтоқсан күні күндіз Бекетті көшесіндегі үйлердің бірінен 1979 жылғы әйел мен оның 5 айлық сәбиі өлі күйде табылды. Екеуі де ыстан уланып қайтыс болған. Көршілерінің айтуынша, көз жұмған Наталья есімді әйелдің егіздері болған екені. Бірі қайтыс болған, екіншісінің қайда екені әлі белгісіз.
Еске салайық, осыдан бірер күн бұрын Шымкенттегі көпқабатты үйлердің бірінен кішкентай үш бала мен олардың әжесінің мәйіті табылған болатын. Олардың бәрі газдан уланып қайтыс болғаны айтылы.