Шымкентте тағы бір асфальт зауыты жұмыс істей бастайды - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте тағы бір асфальт зауыты жұмыс істей бастайды

Шымкентте тағы бір асфальт зауыты жұмыс істей бастайды

ШЫМКЕНТ. 5-маусым. Kazakhstan Today. Шымкентте жуырда тағы бір асфальт зауыты жұмыс істей бастайды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне қала әкімінің орынбасары Исламбек Құрбанов хабарлады.

  • 5 Маусым 2006
  • 519
Фото - Caravan.kz

3-маусымда қаладағы 25 шақырым жолды жөндеу жөніндегі тендерде жеңіске жеткен Түрік компаниясы Шымкентке еуропалық сапалы асфальт шығаратын зауыттың жабдықтарын жеткізді.

Компания жетекшісі Гюксель Бодурдың айтуынша, Шымкенттегі жолдардың жағдайымен танысқаннан кейін барып компания өз жабдықтарын әкелуге шешім қабылдаған. “Біздің байқауымызша, Шымкентегі жолдардың жағдайы мәз емес екен. Біртіндеп барлық жолдарды жөндеу қажеттігі туындамақ. Сондықтан да құрал-жабдықтарды көптеп әкелдік”,- деді ол.

Зауыт сағатына 250 тонна асфальт шығарады. Кәсіпорын жолдарды жөндеу мен жабдықтарға қызмет көрсететін 100 адамды жұмысқа алмақшы. Біртіндеп зауытта жергілікті жұмысшылар істейтін болады. “Өзімізбен бірге әкелген жігіттерді алдағы екі жылда кері қайтарып, жергілікті мамандарды жұмысқа тартамыз”,- деді Г.Бодур.
Кәсіпорын Шымкентте сонымен бірге материалдардың сапасын зерттейтін зертхана ашпақшы.

Қазір облыс орталығында бес асфальт зауыты жұмыс істейді.
Әкімнің орынбасары И.Құрбановтың айтуынша, биыл қалалық билік 56 шақырым жолды жөндеуді межелеп отыр. Әзірге бюджетте жолдарды жөндеуге 850 млн. теңге қарастырылған. Дегенмен, И.Құрбанов қаржы көзі табылғанда бөлінетін ақша көлемі де арта түседі дегенге сенім білдірді.

Перейти к новостям спорта