Шымкентте такси жүргізушілеріне шабуыл жасаушы күдікті топ ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте такси жүргізушілеріне шабуыл жасаушы күдікті топ ұсталды

Шымкентте такси жүргізушілеріне шабуыл жасаушы күдікті топ ұсталды

Шымкент полициясының 2-бөлімінің қызметкерлері такси жүргізушілеріне 40-тан астам шабуыл жасаған 6 адамнан тұратын күдікті топ ұсталды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне

  • 24 Қараша 2003
  • 380
Фото - Caravan.kz

Шымкент полициясының 2-бөлімінің қылмыстық полициясы бастығының орынбасары Ғани Артықбаев хабарлады.

Оның айтуынша, 21-қарашаға қараған түні полицияға жеке такси жүргізушісінен арыз түсіп, өзін төрт бірдей беймәлім жігіттің өктемдік көрсете отырып тасымалдан түскен 3 мың теңгесі мен автомагнитоласын тонап кеткенін хабарлаған.
Осыған байланысты қалада «Перехват» шарасы жарияланды. Күдіктілер тағы бір таксисті қылмыс құрбанына айналдырмақ болып тоқтатқалы тұрған кезде ұсталды. Олардан қылмысқа айғақзаттар болып табылатын газды тапанша, пышақтар, тұншықтыруға арналған жіптер, автомагнитола мен ұялы телефондар тәркіленді. Қылмыстық топқа қамтылатын тағы да екі жігітті полиция бір тәуліктің ішінде тұтқындады.
Тергеу барысында белгілі болғанындай, бұл қылмыстық топ Шымкент аумағын үстіміздегі жылдың мамыр айынан бері торуылдапты. Топ мүшелерінің барлығы бірдей 20 жасқа толмаған бозбалалар. Олардың төртеуі Шымкенттегі жоғары оқу орындарында оқитын болса, қалған екеуі жұмыссыз көрінеді. Әзірге олар таксистерге шабуыл жасауға қатысты 40 оқиғаға қатысқандықтарын мойындады. Алайда, полицейлердің пайымдауынша, бұл — қылмыстардың әлі де толық тізімі емес.

Соңғы жаңалықтар