Жарияланды: 370

Шымкентте такси жүргізушісін өлтіруге әрекет жасаған Ресей азаматы ұсталды

Шымкентте күзет полициясы дербес батальонының қызметкерлері такси жүргізушісін өлтіруге әрекет жасаған Ресей азаматын ұстады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне күзет полициясының дербес батальоны командирінің орынбасары Ғани Мұсақұлов хабарлады.

Полиция ақпаратына сәйкес, такси жүргізушісіне шабуыл жасау оқиғасы 9-желтоқсан күні кешкі сағат 23-те Шымкенттен шыға берістегі Тельман бөлімшесінде болған. Жеке тасымалмен айналысып жүрген жүргізушінің көлігіне 30 жастар шамасындағы кавказдық нәсілді беймәлім біреу отырып, жүргізушіні тұншықтыра бастайды. Көлік қожайыны қарсылық көрсеткен кезде шабуылшы оны кеудесінен жарақаттаған . Алайда оның көлікті иемденіп алуға шамасы жетпеген көрінеді. Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде белгісіз қылмыскер қолға түсті. Тергеу нәтижесінде белгілі болғанындай, қамауға алынған Ресей азаматы бұған дейін адам зорлағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылып, зардап шегушімен келісімге келу нәтижесінде сот залынан босатылыпты. Тұтқынның айтуынша, ол Шешенстанға оралу үшін қаржы жинау мақсатымен осындай қылмысқа барған көрінеді. Қылмыскер уақытша тергеу қапасына қамалып, оның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Көлік жүргізушісі қазір жедел жәрдем ауруханасының реанимация бөлімінде жатыр. Оның жағдайы тұрақты деп бағалануда.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін