Шымкентте төрт мемлекеттің ұлттық қауіпсіздік мекемелері басшыларының кеңесі өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте төрт мемлекеттің ұлттық қауіпсіздік мекемелері басшыларының кеңесі өтеді

Шымкентте төрт мемлекеттің ұлттық қауіпсіздік мекемелері басшыларының кеңесі өтеді

Бүгін, 11-наурызда Шымкентте Тәжікстан, Өзбекстан, Қазақстан және Қырғызстан мемлекеттерінің ұлттық қауіпсіздік органдары басшыларының кеңесі өтеді. Бұл туралы ҰҚК-нің Оңтүстік Қазақстан облыстық департаментінің баспасөз қызметінен KZ-today тілшісіне хабарлады.

  • 11 Наурыз 2004
  • 498
Фото - Caravan.kz

Қазақстандық өкілдерді ҚР ҰҚК-нің төрағасы Нартай Дүтбаев басқарады.

Кездесуде заңсыз есірткі айналымы, трансұлттық қылмыс-қайшылықтар, діни экстремизммен күрес мәселелері талқыланады.
Кеңес қорытындысы бойынша мекемеаралық ықпалдастықты нығайту және өзара сараптамалық материалдар алмасу турасындағы тұрақты жұмыс тобы құрылады деп күтілуде.
Осындай алғашқы кездесу 2002-жылдың сәуір айында Шымкентте өткен. Оған Тәжікстан, Өзбекстан және Қазақстан республикаларының ұлттық қауіпсіздік мекемелерінің өкілдері қатысты.

Соңғы жаңалықтар