Шымкентте төрт шекарашы тонаушылық жасамақ болған жерінен ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+5 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте төрт шекарашы тонаушылық жасамақ болған жерінен ұсталды

Шымкентте төрт шекарашы тонаушылық жасамақ болған жерінен ұсталды

Шымкентте полицейлер төрт шекарашыны тонаушылық жасамақ болған жерінен ұстады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Шымкент полициясының 1-бөлімінің аға оперативті уәкілі Әлишер Өткіров хабарлады.

  • 31 Қазан 2003
  • 405
Фото - Caravan.kz

Полицейлер төрт жігіт бір адамның құжаттары мен 1 мың теңгесін тартып алмақ болып жатқан жерінен дәл үстінен түсті. Жігіттердің бірі дереу ұсталса, қалған үшеуі қашып құтылуға әрекеттенгенімен алысқа бара алмады. Олардың барлығы да қарапайым киіммен жүрген. Полиция қызметкерлерінің анықтағанындай, әлгі төртеу шекаралық №2020 бөлімшесінде мерзімді әскери борышын өтеп жүрген әскерлер екен. Сондай-ақ, бұл жолы олардың әскери бөлімшені рұқсатсыз уақытша тастап шыққандары белгілі болды.

Ұсталғандар мас адамды үйіне жеткізіп тастамақ болдық дегенді алға тартып, тонаушылық туралы деректі мойындамай отыр. Ал әлгі адамның құжатын аты-жөнін білу үшін алдық дейді олар.
Полициядан хабарлағанындай, «тұтқындар әскерден қайтатын мерзім таяғандықтан Шымкентке көңіл көтеру үшін келдік «,- деп жауап берген.
Бұл іске қатысты материалдар Шымкент гарнизонының әскери-тергеу бөлімініе жіберілді.

Соңғы жаңалықтар