Шымкентте төрт жасар қызды зорламақ болған қылмыскер 12 жылға сотталып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте төрт жасар қызды зорламақ болған қылмыскер 12 жылға сотталып кетті

Шымкентте төрт жасар қызды зорламақ болған қылмыскер 12 жылға сотталып кетті

Шымкентте төрт жасар қызды зорламақ болған ер адамға қатысты сот үкімі шықты. Қыз оқиға орнында көз жұмды, ал педофил 12 жылға сотталды.

  • 30 Шiлде 2020
  • 24
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына қаланың Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады. 

Хабарламада қылмыстық оқиға 2019 жылы болғаны айтылған. Шымкент соты қылмыскерді кінәлі деп таныған. Сондай-ақ, педофил 10 жыл мерзімге кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты педагогикалық лауазымдар мен қызмет атқару құқығынан айырылды.

"2020 жылдың 1 шілдесінде Шымкент қаласының Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының үкімімен Қылмыстық кодекстің "Кәмелетке толмағандарды зорлау" бабы бойынша айыпталушы кінәлі деп танылды. Ол орташа қауіпсіз қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеумен 12 жылға бас бостандығынан айырылды", — делінген хабарламада.

Сондай-ақ хабарламада ер адам қылмыстық оқиға кезінде мас болғаны айтылды. 


"Сот 2019 жылдың 21 шілдесінде сағат 15:00 шамасында айыпталушы мас болғанын анықтады. Ол Шымкент қаласындағы Застенная көшесіндегі қараусыз қалған ғимаратта 2015 жылы 9 тамызда туған жас қызға қатысты зорлық-зомбылықсыз азғындық әрекеттер жасаған.

Азғындық әрекеттердің нәтижесінде қыз плитадан жерге құлап түсті. Бала құсып, асфиксия пайда болып, тыныс алуы қиындаған. 

Бірақ айыпталушы баланы құтқарып қалу мүмкіндігі бола тұра жәбірленуші қиналып жатқан кезінде оқиға орнынан қашып кеткен. Сөйтіп бала оқиға орнында көз жұмған", — дейді қалалық соттың баспасөз қызметінің өкілдері. 

Соңғы жаңалықтар