Шымкентте троллейбустар жүрмей қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте троллейбустар жүрмей қалды

Шымкентте троллейбустар жүрмей қалды

Шымкентте осы аптаның басынан бастап троллейбустар жүрмей қалды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 13 Қыркүйек 2005
  • 406
Фото - Caravan.kz

Оңтүстік Қазақстан облыстық транспорт және автокөлік жолдары департаментінің төрағасының орынбасары Исамуддин Рысбайдың түсініктемесіне сенсек, троллейбус паркі ауқымды берешекке байланысты электр қуатынан ажыратып тастау салдарынан өз жұмысын тоқтатқан.
И.Рысбайдың ақпараты бойынша, «қалалық троллейбус паркі 1997-жылы небәрі 3 млн. теңгеге жекешелендірілген болатын». Сол кезде паркте 60 көлік болса, қазір олардың саны 10-нан әрең асады.
Былтыр компания басшылығы троллейбус паркін мемлекетке сату туралы келісімге келіп , бұл мақсатқа облыстық бюджетте 50 млн. теңге қарастырылды. Алайда, келісім іске аспай қалуға байланысты қазір Шымкентте жаңа троллейбус паркін ашу мәселесі туындап отыр, деді И.Рысбай.
Қазіргі жағдаймен Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімшілігі жаңа парк салуға 13 гектар жер телімін бөлді. Бүгінде қаржыландыру мәселесі шешіліп жатыр.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта