Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Оқиға Шымкент қаласында болған, деп жазды заңгер Айгүл Орынбек.
"Қыздарды қашан адам ретінде көреді біздің елде? Ұрып соғу, адам ұрлау фактісі қылмыстық іс екенін білмейді ме?
Шымкент қаласы , 4 мөлтек ауданында түнгі 1:53 те белгісіз адамдар, қызды көлікке ұрып соғып отырғызып, алып кеткен.
Шымкент Қаласының Полиция Департаменті назарға алдыңыздар ма?, делінген.
"Қыз түнгі 01:53-те не істеп жүр", "Барлық номерлері көрініп тұр, іс қозғайтын шығар. Мынаны жауып тастаса, білмейміз енді", "Өз еліңде өзің еркін тыныстап қорықпай жүре алмасаң несіне елім бар, жерім бар дейсің", деп жазды оқырмандар.