Шымкентте тұңғыш рет қуыршақ фильмдер түсірілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте тұңғыш рет қуыршақ фильмдер түсірілуде

Шымкентте тұңғыш рет қуыршақ фильмдер түсірілуде

Шымкенттегі "Жебе" студиясында тұңғыш рет қуыршақ фильмдер түсірілуде. Қазір мұнда қазақ тіліндегі "Алдар Көсе мен шайтандар" және орыс тіліндегі "Шоу шепелявых" атты екі қуыршақ фильм түсіріліп жатыр. Бұл туралы KZ-today тілшісіне

  • 29 Шiлде 2003
  • 605
Фото - Caravan.kz

«Жебе» студиясының директоры Керімбек Ниязбаев хабарлады.

«Алдар Көсе мен шайтандар» фильміне халық ертегісі арқау болып, ол қазіргі замана талабына сай өңделген. Компьютердің құдыреті пайдаланылған 10 минуттық қуыршақ фильмін түсіруге 5 адам тер төгуде. Шығармашылардың пайымдауынша, қуыршақ фильмі қазан айында экранға шығады.
Ал «Шоу шепелявых» атты қуыршақ фильмге «Еуропа плюс» радиосындағы осы аттас танымал бағдарлама арқау болған көрінеді. Халық арасында танымал әзіл-сықақ анекдоттар арқау болған бұл қуыршақ фильмді түсіруге Ресейлік бір фирма тапсырыс берген көрінеді. Студия басшылығы әзірге бұл фирманың атауы мен бөлінген қаржы көлемін жариялауға құлық танытпай отыр. Шарт талаптары орындалған жағдайда «Шоу шепелявых» фильмі қыркүйек айында Ресейдің бірінші телеарнасының экранына шығады деп межеленген.

Соңғы жаңалықтар