Шымкентте "Түркістанэнерго" АҚ-ның бір әйел қызметкері тоққа соғылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте "Түркістанэнерго" АҚ-ның бір әйел қызметкері тоққа соғылды

Шымкентте "Түркістанэнерго" АҚ-ның бір әйел қызметкері тоққа соғылды

Шымкентте "Түркістанэнерго" АҚ-ның бір әйел қызметкері жұмыс орнында тоққа соғылып, облыстық аурухананың күйіктерді емдеу бөліміне ауыр халде түсті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне аталмыш бөлімшенің меңгерушісі Олег Мун хабарлады.

  • 19 Қараша 2003
  • 561
Фото - Caravan.kz

Зардап шеккен әйелдің айтуынша, ол жұмыс істейтін подстанцияның электр желілерінің арасына мысық кіріп кеткен. Хайуан екі электр пластиналардың арасына түсіп кету салдарынан қысқаша тұйықталу түзіліп, сол маңда жүрген әйелді қуаты 6 мың вольттық электр доғасы соққан. Әйелдің әріптестері бірден жедел жәрдем шақырыпты. Тоқтан зардап шегіп, денесінің 55 проценті күйіп қалған әйел аурухананың реанимация бөліміне түсті. Қазір оның жағдайы ауыр деп бағалануда.

Подстанция қызметкерлерінің айтуынша, дәл осындай жағдай осыдан 10 жыл бұрын болған. Ол кезде бір ер адам тоққа соғылып мерт болыпты.

Соңғы жаңалықтар