Жарияланды: 250

Шымкентте туысының үйінде құл болған бала құтқарылды

Өз туысының үйінде құл болған бала! Шымкенттік полицейлер суық күнде жеңіл киініп,көшеде бүрсең қағып жүрген жеткіншекті кездейсоқ көріп қалыпты. Тексере келе 9 жастағы баланың туыстарының үйінде адам төзгісіз жағдайда өмір сүріп жатқанын анықтаған.

Тілінің мүкісі бар Хамитты анасы сіңлісіне аманаттап, өзі шетелге ақша табуға кетіпті. Тек 5 айдан бері тәтесінің қолында тұрып жатқан баланы туысы құлша жұмсап, тіпті көгала қойдай қып сабаған. Сол үйдің отымен кіріп, күлімен шыққан жеткіншек әріп те танымайды екен. Қазір ол балаларды оңалту орталығында. Енді Хамиттың құжаттары жасалып, ал денсаулығын логопед қарайтын болады. Анасы Біріккен Араб Әмірліктеріне кеткен жеткіншектің өзге туыстары көршілес Өзбекстанда тұрады. Өзі де сол елдің азаматы болуы мүмкін. Ал оны құлдай жұмсаған туысы да, оның туған баласы да мүгедек екен.

Хамит:

-Анам тулап жатыр ғой. Дубайға жұмыс істеуге кетті ғой. Жұмыс істеуге кеткенде мені тастап кеткен. Дубайда кішкентай балаларға болмайды деп мені әпшемнің үйіне тастап кетті.

-Не жұмыс істететін еді саған

-Солыдыс жуу, үй жинау.  

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін