Мәліметке қарағанда, Қазақстанда тыйым салынған діни партияның мүшелері парақша таратып жатқан кездерінде қолға түскен. Бәрі Шымкент қаласының тұрғындары, олардан 500 парақша және «Ислам жүйесі» атты кітап тәркіленді.
Тәркіленген парақшалардың экстремистік мазмұнын анықтау мақсатында теологиялық сараптама жүргізіледі.
ҚР ІІМ өкілдері, «Хизб-ут-Тахрир» діни экстремистік партиясының тым белсенді қызмет етіп жатқанын атап өтті. Оған қыркүйек айында тіркелген 20-дан астам дерек дәлел. Ол кезде де полиция қызметкерлері экстремистік мазмұндағы әдебиеттер тәркілеп, қылмыстық іс қозғаған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті