Жарияланды: 500

Шымкентте үй-күйсіз адамдарды жерлеу мен бейіттегі мәдени ескерткіштерді қорғауға қаржы табылмай отыр

Шымкент. 18 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Шымкенте қаржының жоқтығынан үй-күйсіз адамдарды жерлеу мен ритуалдық мәдени ескерткіштерді қорғау тоқтатылды. Бұл туралы агенттік тілшісіне "Ритуал" ЖШС директоры Ганиль Бикеев мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Тендер бойынша бізге бір жылдық жалпы жұмыс көлеміне 11 млн теңге бөлінген, ол су жеткізу, қоқыс тасымалдау, үй-күйсіз адамдарды жерлеу мен бейіттердегі мәдени ескерткіштерді қорғауға жұмсалады. Біздің сұранысымыз 23 млн теңге екеніне қарамастан, бізге берген ақша әлгі. Біз бұл ақша бір жылға жетпейді деп ескерткенімізбен, бізге қыркүйек - қазан айларында қосымша қаржы бөлуге уәде берген. Алайда, қосымша ешқандай қаржы бөлінбеді. Тендер ақшасы жұмсалып кетті. Қазір біз адамдарды ақысыз демалысқа жіберіп, әкімдіктен тым құрыса үй-күйсіз, іздеу-сұраусыз адамдарды жерлеуге қаржы бөлуді сұрадық. Біз қараша мен желтоқсан айларына бір жарым миллион сұрап есеп бердік. Бізге ешқандай қаржы бөлінбейді деп жауап берді. Біз әкімдікке де, мәслихатқа да өтініш жолдадық. Біздің тікелей басшымыз, қалалық тұрғын-үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бастығы әкімнің қабылдауында болып, қосымша қаржы бөлінбейді деп келді. ЖШС барлық қызметкерлері 3 қарашадан бері ақысыз демалысқа жіберілген", -деді Г. Бикеев. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін