Жарияланды: 720

Шымкентте Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Департаментінің қызметкерінің үстінен сот процессі басталды

2-желтоқсанда Шымкент әскери гарнизонының әскери сотында Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Департаментінің қызметкері мен оның азаматтық көмекшісі, Шымкенттік жұмыссыз тұрғынның үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша сот процессі басталды. Оларға пара алу, бопсалау және адамды заңсыз қамауға алу жөнінде айып тағылып отыр. Айыпкерлерді алты бірдей адвокат қорғауда,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

Қылмыстық іс материалдарына жүгінсек, биылғы шілде айында Өзбекстанның екі азаматшасы 5 мың АҚШ долларына Түркияда сатып алынған жалпы салмағы 236 грамм алтын бұйымдарды Шымкент арқылы транзитті Саманқанд қаласына апара жатқан . Саудагер әйелдердің қолында бағалы бұйымдарды тасымалдауға заңды толтырылған кедендік декларациясы мен құжаттарының болғанына қарамастан ҰҚКД-нің қызметкері мен оның шаттан тыс көмекшісі әйелдерді тұтқындаған. Әйелдерді штаттан тыс қызметкердің үйіне әкеліп 7 сағат бойы заңсыз қамауда ұстаған әлгілер тартып алынған алтын бұйымдарды кері қайтару төлеміне 5 мың доллар талап етеді. Осыншама соманы жинап әкелеміз деп уәде бергеннен кейін әйелдер босатылады. Айыпкерлерді Шымкент полициясының 3-бөлімінің қызметкерлері қала орталығында 800 доллар көлемінде пара алып жатқан жерінде қолға түсірді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін