Шымкентте үш айлық нәресте ұрланды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте үш айлық нәресте ұрланды

Шымкентте үш айлық нәресте ұрланды

Шымкент. 17 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Шымкентте 29 жастағы әйелдің үш айлық нәрестесі ұрланды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ОҚО ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 17 Қараша 2008
  • 571
Фото - Caravan.kz

«25 қазанда Шымкенттің Еңбекші ауданында тұратын әйел полицияға шағымдана келіп, өзінің үш айлық ұлы жоғалып кеткенін мәлімдеген. Іздестіру шаралары шұғыл басталып, әсіресе сол үйде пәтер жалдап тұрған Жамбыл және Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары — екі әйелдің оған қатысы болуы мүмкін екендігі жөніндегі жорамал тексерілді. Осы үйге жуырда ғана орналасқан әйелдер баламен бірге жоғалып кеткен», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Жуырда осы екі әйелдің бірі — 45 жастағы Жамбыл облысының тұрғыны ұсталды. Бала да табылды. Екі әйел баланы Жамбыл облысына әкетіп, бір жалғызбасты әйелге апарып берген.

Әйелдердің бала үшін ақша алған-алмағанын тергеу анықтайды. Қазір бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 125-бабы бойынша (адам ұрлау) қылмыстық іс қозғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар