Шымкентте үш баланың анасы асылып қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте үш баланың анасы асылып қалды

Шымкентте үш баланың анасы асылып қалды

Шымкентте 25 жастағы әйел өзіне қол жұмсады. Қайғылы оқиға 29 наурызға қараған түні 16-шағынаудандағы көпқабатты үйлердің бірінде орын алған. Марқұмның артында үш баласы мен күйеуі қалды деп жазады Otyrar.kz.

  • 29 Наурыз 2017
  • 371
Фото - Caravan.kz

Жас әйел бұл күні өзінің ата-анасының үйіне қонаққа келген екен. Өз отбасының үйі қаланың өзге ауданында орналасқан.

Туған-туыстарының айтуынша, кеше түнгі уақытта дүкенге бармақ болып үйден шыққан әйел сол күйі оралмаған. Жамандықты іштері сезген туыстары іздеуге шыққанда оның асылып қалған мәйітін дәл подъезден тауып алыпты. Марқұм 5-ші қабаттағы шатырға шығатын сатыға жіп орап өзіне қол салған екен.

Оқиға орнына келген дәрігерлер оның қайтыс болғанын тіркеуден басқа ешнәрсеге үлгере алған жоқ. Сондай-ақ, криминалды полиция қызметкерлері де оқиға болған жерде тексеру жұмыстарын жүргізді.


Әйелдің 26 жастағы күйеуі мен үш баласы болған. Оның не себепті мұндай қадамға барғаны әзірге белгісіз. Отбасындағы қарым-қатынас туралы да туыстары тіс жарған жоқ.