Шымкентте ұшқыштар 110 мыңнан астам АҚШ долларын шетел асырмақ болған - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте ұшқыштар 110 мыңнан астам АҚШ долларын шетел асырмақ болған

Шымкентте ұшқыштар 110 мыңнан астам АҚШ долларын шетел асырмақ болған

Шымкент әуежайында «Дэта Эйр» әуе компаниясына тиесілі ұшақ экипажының 7 мүшесі ұсталды. Олар 110 мыңнан астам АҚШ долларын шет елге заңсыз алып өтпек болған.

  • 14 Маусым 2011
  • 411
Фото - Caravan.kz

Шымкенттен Түркияға ұшпақ болған «Бойнг-737» әуе кемесін тексеру барысында шекарашылар экипаж командирі отыратын орыннан декларацияланбаған қомақты қаржы тауып алды.  Бес буманың ішінде жалпы сомасы 110 мың 870 АҚШ доллары оралған екен. Жасырын жолмен шет елге шығарылмақ болған  ақшаның кімге тиесілі екенін ұшқыштар айтудан бас тартқан. Сондықтан шекарашылар «Дэта Эйр» компаниясының 7 экипаж мүшесін мән-жайды анықтағанша,тұтқындауға мәжүр болды. Ал Шымкенттен Стамбұлға ұшпақ болған 120-дан астам жолаушы екі тәуліктен бері барар жеріне жете алмай отыр.


Темірлан Нарбаев, «Шымкент-авиа» шекаралық бақылау бөлімшесінің бастығы
:

Біз компания басшыларына ұшақты тиісті бағытқа  ұшыруға рұқсат бердік. Алайда оларда экипажды алмастыратын қызметкерлер жоқ болғандықтан, Шымкент – Стамбұл бағытындағы әуе рейсі әзірге тоқтап тұр.  

Соңғы жаңалықтар