Шымкентте ВИЧ індетімен ауыратын балаларға алғаш рет сүндет той жасалды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте ВИЧ індетімен ауыратын балаларға алғаш рет сүндет той жасалды

Шымкентте ВИЧ індетімен ауыратын балаларға алғаш рет сүндет той жасалды

Шымкент. 21 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Шымкентте ВИЧ індетімен ауыратын балаларға алғаш рет сүндет той жасалды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Оңтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 21 Тамыз 2008
  • 608
Фото - Caravan.kz

«Біз бұл операцияны ВИЧ індетімен ауыратын балалардың ата-аналары сүндеттеуді құпия түрде «бақсы-балгерлерге» емес, ашық, медициналық жағдайда жасауға болтынын біле жүрулері үшін қоғам алдында және салтанатты түрде жасап отырмыз», — деді денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Омарова.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, сүндеттеу операциясы 14 балаға жасалған. Операция Түркияның жаңа лазерлік қысқа толқынды құралымен жасалған.

Шараның демеушілері — ОҚО денсаулық сақтау басқармасы мен «ПетроҚазақстан» компаниясы.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, қазіргі уақытта «Ана мен бала» орталығында 47 бала В20 диагнозымен (ВИЧ індеті) жатыр. Балалардың жағдайы орташа ауырлық деңгейінде бағаланады. Көңіл-күйлері салыстырмалы түрде қанағаттанарлық.

Жан сақтау бөлімінде екі бала жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар