Шымкентте волейболдан ерлер командалары арасында 4-тур ойындары өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 489.99
  • 580.25
+4 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте волейболдан ерлер командалары арасында 4-тур ойындары өтеді

Шымкентте волейболдан ерлер командалары арасында 4-тур ойындары өтеді

Шымкент қаласында 18-25 наурыз күндері волейболдан Жоғары лигаданың А тобындағы ерлер командалары арасында ХІХ Қазақстан чемпионатының 4-туры болады.

  • 17 Наурыз 2011
  • 591
Фото - Caravan.kz

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің спорт залында өтетін бұл додаға 8 команда қатысады. Қазір алғашқы 3 турдың қорытындысы бойынша турнир кестесінің басына Шымкент (54 ұпай), Орал (45 ұпай), Астана (39 ұпай), Павлодар ( 38 ұпай) қалаларының командалары орналасқан. «Есіл-Виктория» (38 ұпай), «ЦСКА-Алматы» (16 ұпай), «Атырау-2» (14 ұпай), «ҚазҰАУ» (8 ұпай) волейболшылары екінші лекте. Бұған дейін сүреңсіз ойындарымен есте қалған алматылық және атыраулық командалардың алдағы 2 турда үздіктерді қуып жетуі неғайбыл.