Шымкентте волейболдан Жоғары лиганың «А» тобындағы ерлер арасында ел чемпионатының ақтық туры өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте волейболдан Жоғары лиганың «А» тобындағы ерлер арасында ел чемпионатының ақтық туры өтеді

Шымкентте волейболдан Жоғары лиганың «А» тобындағы ерлер арасында ел чемпионатының ақтық туры өтеді

Шымкентте 17-23 сәуір күндері волейболдан Жоғары лиганың "А" тобындағы ерлер командалары арасында Қазақстан чемпионатының 5-ші туры болады.

  • 17 Сәуiр 2013
  • 291
Фото - Caravan.kz

Ол «Ұшқын-ҚазҰАУ» (Алматы) мен «Павлодар-2» (Павлодар) әуедопшыларының ойынымен басталады. Алматылықтар бұған дейінгі 4 ойында да 3:0, 3:1, 3:1 және 3:2 есебімен басым түскен болатын.

Алғашқы 4 турдың қорытындысы бойынша Шымкенттің «Динамо-Қазығұрт» командасы 79 ұпаймен көш бастап келе жатыр. Олар ел чемпионатындағы 28 кездесуде тек бір ойында ғана алматылықтарға 2:3 есебімен есе жіберген еді. Ал алматылықтардың қоржынында 69 ұпай бар. Үздік үштікті түйіндеген өскемендіктер болса 52 ұпай жинады. Одан кейінгі орындарда Павлодардың «Павлодар-2» (43 ұпай), Қызылжардың «Есіл-Виктория» (28 ұпай), Оралдың «Жайық-Конденсат» пен Семейдің «Семей» (24 ұпай) және Теміртаудың «ВСМК АрселорМиттал» (17 ұпай) командалары келе жатыр.

Бұған дейін 23-29 қарашада Алматыда өткен алғашқы турда ғана «Ұшқын-ҚазҰАУ» басым түскен болатын. Одан кейін 19-26 желтоқсанда Теміртауда, 20-26 ақпанда Қызылжарда, 16-23 наурызда Өскеменде «Динамо-Қазығұрт» қарсылас шақ келтірмей, келесі маусымды Ұлттық лигада жалғастыруға біртабан жақындай түсті. Алматылықтардың бас бапкері Олег Кузнецов биылғы ел чемпионатында Диас Алипбаев, Ануар Бостубаев, Ринат Сатаров, Алмаз Исин, Дәурен Балтабай, Умид Набиев, Михаил Перевертов, Сергей Шиндов, Алексей Сидоренко, Валентин Лагутин, Иван Пеньков, Иван Русапетов, Юрий Сенкевич, Виталий Эрдштейн, Сергей Сенкевич, Фармин Турсунов пен Виктор Фельгерге үміт артқан болатын.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера