Шымкентте заманауи оқушылар сарайы салынып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 480.55
  • 533.75
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
7 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте заманауи оқушылар сарайы салынып жатыр

Шымкентте заманауи оқушылар сарайы салынып жатыр

Шымкенттегі «Нұрсәт» ықшамауданында заманауи оқушылар сарайы салынып жатыр. Жаңа нысан 7-18 жас аралығындағы 500 оқушыға шақталған.

  • 27 Қазан 2022
  • 13
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

«Бұл жоба оқушыларды сабақтан тыс уақытта әртүрлі үйірмелерге қатыстыруды, баланың спорттық, ғылыми, мәдени әлеуетін дамытуды көздейді. Үш қабатты ғимарат 3 ірі блоктан тұрады. Онда оқу залдары, акт залы, 35 адамдық асхана бар. Сонымен қатар, 81 орындық көлік тұрағы да қарастырылған», — деп жазды ведомстводан.

Қазір 42 пайыз құрылысы аяқталған нысан келер жылы пайдалануға берілмек.


Айта кетейік, бұған дейін Шымкентте ТМД-да баламасы жоқ электромобиль құрастырылып жатқанын хабарлаған болатынбыз. Нұрсұлтан, Абылай, Дәурен есімді 3 жігіт «Beren motors» атты шағын кәсіпорын ашып, ескі көліктерден электромобиль жасауда.