Шымкентте жалған ақша жасаумен айналысқандар қамалды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте жалған ақша жасаумен айналысқандар қамалды

Шымкентте жалған ақша жасаумен айналысқандар қамалды

Шымкент қаласында жалған екі мың теңгелік банкноттарды жасап, өткізумен айналысқандар қолға түсті, деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметінен. 

  • 16 Сәуiр 2015
  • 385
Фото - Caravan.kz


«Шымкент қаласы Еңбекші аудандық сотымен 14.04.2015 ж. қылмыстық қудалау органдарымен адамдар тобының алдын-ала сөз байласуы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің жалған банкноттарын жасап, сақтап өткізді деген күдікпен азаматтар Қ.Ә. мен Г.М-ға күзетпен ұстау бұлтартпау шарасына санкциялар берілді. 

Сотқа ұсынылған іс материалдарынан күдіктілер Қ.Ә. мен Г.М. адамдар тобының алдын-ала сөз байласуы бойынша Қ.Ә-ға тиесілі Шымкент қаласының Күншығыс шағынауданында орналасқан пәтерінде «Epson» маркалы түрлі-түсті принтерін қолдана отырып, ҚР Ұлттық банкінің номиналы 2000 теңгелік купюрасының жалған банкноттарын қолдан жасап, сақтап өткізгені анықталды.

Қудалау органдарымен күдіктілерге Қазақстан Республикасы ҚК-нің 231-бабының 2-бөлігі 1-тармағында көзделген қылмысты жасады деген айып тағылды», делінген хабарламада. 

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.