Шымкентте жалған қорытынды жасаған сот сарапшысы 3,5 жылға сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте жалған қорытынды жасаған сот сарапшысы 3,5 жылға сотталды

Шымкентте жалған қорытынды жасаған сот сарапшысы 3,5 жылға сотталды

Шымкентте ҚР ӘМ сот сараптамалық орталығының аймақтық Оңтүстік Қазақстандық ғылыми-өндірістік зертханасының бас маманы Б. Жұмаділов үш жарым жылға сотталды. «Тергеуді арнайы прокурор бөлімі жүргізді. Сарапшы заттай айғақтарды талан-таражға салған, дәлірек айтсақ - $2 мыңды заңсыз беріп жіберген, бұрмалаған деп айыпталады», - деп ОҚО прокуратурасының баспасөз хатшысы Шағала Момынханқызы мәлім етті.

  • 22 Маусым 2011
  • 409
Фото - Caravan.kz

Сарапшы ақшаның анықтығын айқындауға сараптама жүргізу үшін $100-лық 20 купюр алған. Ол ақшалар жол полициясының қызметкерінің пара бергендігінің заттай айғағы болған.

«Жұмаділов белгісіз біреуден түрлі түсті принтерде басып шығарылған, номерлері мен сериялары өзіндегі $100 –лық 20 дана ақша купюраларымен сай келетін ақшамен заттай айғақ ақшаларды алмастырып қойған», — деді Ш. Момынханқызы. Шын долларларды сарапшы өзінің беймәлім ымыраласына беріп, ол үшін сыйақы ретінде $1,5 алған.

«Заттай айғақтарды алмастырып қойған соң, ол сараптауға тапсырылған долларлар АҚШ-та жасалатын ақшаға сай келмейді, олар түрлі-түсті принтерде басып шығарылған деген алдын ала жалған қорытынды шығарған», — деді баспасөз хатшысы.

Соңғы жаңалықтар