Наразылық шарасын бірқатар қоғамдық ұйымдар ұйымдастырды. Бұл жерде Ауған соғысының ардагерлері, Чернобыльдықтар, шаруа қожалықтарының мүшелері мен жастардан 150-200-дей адам жиналды.
Жиналғандар «Жанармай мафиясына жол жоқ!», «Бұл — шетелдік барлаушылардың ісі екенін біз білеміз», «Шетелдіктер! Зауыттарды өз еріктеріңмен кері қайтарыңдар!» деген жазулары бар транспараттар ұстапты.
Митинг бір сағатқа созылды. Оның барысында қандайбір қатығыс шыққан жоқ. «PetroKazakhstan Oil Products» АҚ тарапынан жиналғандарға шығып түсініктеме берген ешкім болған жоқ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті