«Қала көгал құрылысы» ҚКК-ның төрағасы Лесбек Бектұровтың ақпаратына жүгінсек, болашақ гүлбағының аумағында 1 мың түп талшын, 300 үйеңкі, және басқа да ағаштардың көшеттері отырғызылды. Көшеттерді сатып алуға арналған қаржы қалалық бюджеттен бөлінді. Болашақ саябақтың аумағы 20 гектарға жетпекші.
Шараны облыстық және қалалық әкімшілік өкілдері мен облыстық және қалалық мәслихат депутаттары жүзеге асырды.
Жаңадан отырғызылған көшеттердің тағдырын «Қала көгал құрылысы» ҚКК жауаптанады.