Шымкентте жасанды 44 мың теңге тәркіленді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте жасанды 44 мың теңге тәркіленді

Шымкентте жасанды 44 мың теңге тәркіленді

Шымкентте жасанды 44 мың теңге айналымнан шығарылды. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІББ-ның баспасөз қызметінен KZ-today тілшісіне хабарлады.

  • 19 Қаңтар 2004
  • 489
Фото - Caravan.kz

2 мың теңгелік 22 купюраны 32 жастағы жігіт жоғары оқу орнындағы оқу төлемі үшін Халық банкіне әкеліп өткізген. Арнайы детекторда тексеру нәтижесінде ақшаның жасанды екені анықталды. Жасанды ақша туралы ақпаратты Халық банкіндегілер полицияға хабарлады.

Тұтқынның айтуынша, бұл ақшаны ол университетте оқитын қарындасының оқу төлемі бойынша берешегін өтеу үшін туысқандарынан қарызға алған. Ақшаның жасанды екенінен ол мүлдем бейхабар болса керек. Ақшаның қалай жасалғандығын анықтау үшін сот-қылмыстық сараптама тағайындалды.
Бұл жыл басынан бері қалада тіркелген осындай алғашқы оқиға.

Соңғы жаңалықтар