Баспасөз қызметінің хабарлауынша, олар 10-қараша бейсенбіде ұсталған. Қыздарға бірнеше қарақшылық шабылға қатысы бар деген айып тағылып отыр. Тергеу алдындағы материалдардан мәлім болғанындай, олар құрбандарына пышақ көрсетіп қорқыту арқылы бағалы заттарын тартып алатын болған.
Шымкентте тұратын 16 және 17 жастағы бұл қыздардың бірі 9-шы, екіншісі 11-ші сыныпта оқыса, үшіншісі оқудан шығып кеткен, жұмыссыз.
Ұсталғандардың үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің «Алдын-ала ауыз жаласу арқылы қару немесе қару ретінде қолданылатын заттарды пайдаланып қарақшылық шабуыл жасау жөніндегі» 179-бабы, 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл бап бойынша 5-15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы жүктеледі.