Шымкентте "Жасөспірім" шарасының барысында 179 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
0 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте "Жасөспірім" шарасының барысында 179 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Шымкентте "Жасөспірім" шарасының барысында 179 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Шымкентте "Жасөспірім" деп аталатын шараның барысында 179 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 30 Қыркүйек 2005
  • 463
Фото - Caravan.kz

«Жасөспірім» және «Отбасы және тұрмыс» деп аталатын шаралар Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің қоғамдық қауіпсіздік басқармасының басшылығымен 27-28-қыркүйекте өткізілді. Оған полицияның күзет қызметі, учаске инспекторлары, кәмелеттік жасқа жетпегендер ісі жөніндегі инспекторлар қатысты. Шара барысында араққұмарлық пен нашақорлыққа бой алдырған және бұрындары заң бұзғандығымен көзге түскен адамдардың үйлері мен пәтерлеріне рейдтер жүргізілді.

Соның нәтижесінде балаларына дұрыс қарамаған 179 ата-ана ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұған қоса заң бұзуға бейімдігі байқалған 82 жасөспірім, соның ішінде жасөспірімдердің үш тұрақты қылмыстық тобының мүшелері профилактикалық тіркеуге алынды.
Биылғы жылдың 8 айында облыста осындай тіркеуге алынған жасөспірімдер саны 751-ге жетті.

Перейти к новостям спорта