Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, осыдан бір апта бұрын ақша айырбастау бөлімінде жұмыс істеп, Шымкентегі гимназияда оқитын бір жасөспірімді біреулер самайынан атып кеткен болатын.
С.Қаракөзованың айтуынша, бұл қылмысқа қатысы бар күдіктілер ретінде 20-24 жас аралығындағы 4 Шымкент тұрғыны ұсталып, істеген қылмыстарын мойындады. Олардан қылмыс орнынан табылған ұялы телефон, газды тапанша, қылмыс құралы- 9 мм-лік қолдан жасалған тапанша тәркіленді.
Ұсталғандар түгелдей уақытша тергеу қапасына қамалды.
Тәртіп сақшылары қылмыскерлер туралы ақпаратты әлдебіреу сенім телефонымен хабарлады деп отыр.